Date of publication: 29.04.2024 17:03
Date of changing: 29.04.2024 17:04

      2024 жылғы 30 сәуірде сағат 17:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «ЕАЭО елдеріне тауарларды әкелу/әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

     Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Даурен Халелұлы Камалитденов сөз сөйлейді.

     Модератор – Айнұр Нұрлашқызы Сартаева, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасы басшысының орынбасары.

     ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.