Date of publication: 24.12.2014 12:56
Date of changing: 14.01.2015 09:52

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожин «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық топ құрамымен Ақтөбе облысына барды.

Комитет Төрағасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қ. «Силикат-А ЖШС» силикат зауытында, «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС, «Коммунальщик» КГП Орталық қазандығында болды, сондай-ақ хромтау кәсіпкерлерімен кездесті және екі ауданның орталығында да әкімдік аппаратының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Еңбек ұжымымен кездесулерде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасының негізгі 7 бағытына түсінік берілді, оның шеңберінде:

- ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлу;

- Астана-Астрахань дәлізінің бір бөлігі болып табылатын және «Нұрлы жол» ЖЭЖ көлік жобасына кіретін Ақтөбе-Алға, Ақтөбе-Қандыағаш жолдарын жөндеу;

- Ақтөбе-Орск трассаларын реконструкциялау және Арск трассасына шығатын 30 километрлік Хромтау-Бадамша жолын салу;

- теміржол магистральдарының желісін салу;

- мемлекеттің кәсіпкерлер арналған кредиттік мөлшерлемені субсидиялауы;

- енгізілетін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй санын көбейту көзделген.

Ішінде парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары болған түсіндіру ақпараттық топтың мүшелері де Қандыағаш қаласының жылу жеткізуіне реконструкциялау жүргізіп жатқан мердігер жұмыс кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.

Комитет Төрағасы Дәулет Ерғожин Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында ол ағымдағы жылдың сәтті аяқталуы қажет екендігін атап өтті, сондай-ақ алдағы жылға тапсырмаларды атап өтті.

Комитет төрағасы жұмыстағы негізгі басымдықтарды да Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесуде айтып өтті. Департамент қызметкерлеріне жаңа басшы Тәкиев Мәди Төкешұлын таныстырды, ол алдында ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде жұмыс істеген.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі