Date of publication: 25.12.2014 14:20
Date of changing: 14.01.2015 09:52

Шымкент қаласында «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтті.

2014 жылдың 20 желтоқсанында Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының залында «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру жөніндегі баяндамамен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Орынбасары Әнуар Жұмаділдаев сөз сөйледі.

Ол Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауының Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты болып табылатынын және Қазақстанның жаһандық сын-қатерлерге жауабы болғанын атап өтті. Оларға, ең алдымен, әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізат ресурстарына бағаның төмендеуі, соның салдарынан бюджеттің кіріс бөлігіне түсімнің азаюы жатады. Мемлекет басшысы жаһандық сынақтарды барлық елдер жеңе алмайтынын және Қазақстанға қазірдің өзінде әлемдік дамудың алдағы қиындықтарына жедел түрде ден қою қажет екенін ашық атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыстар басталып та кетті – 2015 жылға арналған республикалық бюджет алда болатын қиындықтар ескеріле отырып, қайта қаралды. Сонымен қатар, келеңсіз экономикалық болжамдарға қарамастан, Мемлекет басшысы Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Семинарға ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Әнуар Жұмаділдаев, «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.К. Мамытбеков, облыс әкімінің орынбасары Е.А. Садыр, ОҚО бойынша МКД басшысы А.Д. Үмбетәлиев, аудандық және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары, кеден бекеттерінің басшылары, аудандық және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларының және ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жауапты қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, және уәкілетті органдардың өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысының салық төлеушілері мен СЭҚ қатысушылары қатысты.

Баяндамамен ОҚО бойынша МКД басшысы А.Д. Үмбеталиев сөз сөйледі.

Ол Департаменттің Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау бойынша жұмысты бастағанын атап өтті. Қазіргі кезде салықтар мен төлемдерді жинауды әкімшілендіруді жақсартуға және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралар іске асырылып жатыр. Іс-шаралардың адал салық төлеушінің қызметіне ешқандай әсер етпейтінін атап өтті.

Өңір салық төлеушілерінің салықтық мәдениеті деңгейінің жақсаруына байланысты еркін түрде төленген мемлекеттік кірістердің ұлғайғаны байқалғаны атап өтілді. Егер 2012 ж. облыстың мемлекеттік бюджетіне 188 млрд. теңге түссе, өткен жылы 212 млрд. теңге түскен, яғни 13%-ға немесе 24 млрд. теңгеге көп. Ал ағымдағы жылдың 11 айы ішінде 194 млрд.тенге түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2,5 млрд. теңгеге көп.

Кеңес барысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулардың күшіне ену мәселелері бойынша, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі мәселесіне, салық есебін жүргізу тәртібіне және қызметін тоқтату кезінде есептен шығарудың оңайлатылған тәртібіне түсініктер берілді.

Экономикалық тергеу қызметінің алдында тұрған міндеттер мен бағыттар, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер және кедендік ресімдеу мәселелері түсіндірілді.

Кеңес барысында төлеушілердің қолайлығы үшін кеден және салық блогінің СЭР жекелеген мәселелер бойынша 8 секциясы жұмыс істеді.

Семинар-кеңеске қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды. Кеңес жұмысына барлығы 600 аса адам қатысты.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі