Date of publication: 31.12.2014 10:49
Date of changing: 14.01.2015 09:52

 

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) Сіздердің назарларыңызға 2015 жылғы    1 қаңтардан бастап импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды (импортқа ҚҚС, акциз) (таңбалануға жататын импортталатын тауарларға акцизден басқа) төлеу мерзімін өзгертуді көздейтін норма күшіне енетінін жеткізеді.

Кеден органына табыс етілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен (импорт 40) орналастырылған тауарларға декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар табыс етілген;

2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 458 бұйрығына сәйкес егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған жағдайда салық төлеушіні өзгертілген мерзім шегінде өсімпұлдарды төлеуден босатады.

Жанама салықтар төлеу ҚР ҚМ МКК облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша тиісті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің тіркеу орнына бойынша аудандық (қалалық) мемлекетік кірістер басқармаларына жүргізіледі.

Төлемді рәсімдеу кезінде салық төлеуші төлем құжатында 917 «Салықтық берешекті төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер» және (немесе) 918 «Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі өсімпұлдар» төлем мақсатының кодын көрсетеді.