СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Егер, шетелдік қаржыландыру бойынша келісім-шартқа қол қойылған болса, қаржыландыру туралы хабарлама ұсынылған, бірақ кезекті есептілікті тапсыру үшін нақты қаржыландыру заңнамада белгіленген мерзімде алынбаған. Бұл ретте ұйым қызметі бойынша шетелдік қаржыландыру келуге тиіс, бірақ әлі келмеген, өз есебінен немесе қарыз қаражаты есебінен шығындар шеккен болса. Осы шығындарды есептілікте көрсетуге болады ма, бағанда із-жүзінде алынған қаражат 0 нөл деп тұрса?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554 бұйрығымен бекітілген, Қағидамен сәйкес мәліметтер, сондай-ақ Ақша қаражатын алғандығы туралы тізілім және Шетелдік субъектілерден ақша қаражатының жұмсалуы туралы тізілімінде қамтылған.

Осыған байланысты, өз есебінен келтірілген шығындарды немесе қарыз қаражаты есебінен есептілікте көрсетілмеуі тиіс.

Шетелдік қаржыландыру бойынша келісім-шартқа қол қойылған болса, қаржыландыру туралы хабарлама ұсынылған, бірақ кезекті есептілікті тапсыру үшін нақты қаржыландыру заңнамада белгіленген мерзімде алынбаған. Бос есептілікті тапсыру қажет пе, қаржыландыру әлі түспегендігі және шығындар болмағандығын көрсету үшін?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 бұйрықтарымен сәйкесті ақшаны және өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер мен хабарламалардың тәртібі, мерзімі және нысаны бекітілген.

Бұл ретте өзге де мүлікті және ақшаны жұмсағаны және алғаны туралы мәліметтер сол жұмсалған және алынған кезеңде ұсынылуы тиіс.

Салық кодексіне өзгерістер күшіне енгенге дейін келісім-шартқа қол қойған жағдайда, яғни 11.10.2016ж. дейін және ақша қаражатын алған нақты осы күннен кейін алса, қаржыландыру алынған туралы немесе осы қаражаттарды жұмсағандығы бойынша хабарламаны тапсыру қажет болады ма?

Ережеге сәйкес жеке және заңды тұлғалармен мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, шетелдік көздерден алынуға жататын ақша және мүліктер туралы деректерді толтыру міндеттілігімен хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына берілуі тиіс.

Ал, бұрын жасалған мәмілелердің шарттарына өзгерістер енгізілген жағдайда келісім-шарттың сомасын өзгерту міндеттемелердің орындалу мерзімдері бөлігінде, мәміле шарттарына өзгерістер енгізген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Хабарлама тапсырылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген Шетелдік ұйымдардың өкілдіктері/филиалдарымен ұсынатын қаражаттар шетелдік қаржыландыру көздері ретінде қараластырылады ма?

Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ретінде қарастырылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның атынан өз қызметін жүзеге асырады. Тиісінше, олармен бөлінген қаражаттар, шетелдік қаржыландыру объектілері ретінде қарастырылуы тиіс.  

Бас шетелдік ұйымдардан өкілдік/филиалдарға түскен қаражаттар, шетелдік көздерден ақша немесе мүлік болып қаралама, бұл жағдайда қаражаттың өкілдігі/филиалдарымен және бас ұйымдарымен ешқандай мәміле жасамаса (өйткені ақша қаражатының қозғалысы бір ұйым шеңберінде жүреді және бұл қаражаттар бір ұйымда қалады)?

Кодекстің нормаларын негізге ала отырып, Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағымен белгіленген заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне және (немесе) тұлғаларға қолданылады.

Тиісінше, бас шетелдік ұйымынан қаражат түскен жағдайда өкілдігі/филиалында 1-1 тармағының нормасында көрсетілген қызметін жүзеге асырған жағдайда мәліметтер мен хабарламаларды ұсыну бойынша міндеттемесі туындайды.

Дұрыс емес мәліметтер дегеніміз не?

«Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы  № 554 бұйрығының 2-тарауының 15-тармағына сәйкес егер мыналар:

Азаматтар мен ұйымдардың көмек көрсетуге дегеніміз не? Олармен заңды кеңес беру түсіндіріледі ме?

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2-тармағына сәйкес құқықтық консультация беру - мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты консультациялар нысанында көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі.

Жинау, талдау және ақпаратты тарату қызметтің негізгі түрі болып табылмайды, ал тек ілеспе шаттардағы осы баптың шеңберіндегі тұлғалар есеп беру міндеттерінен босатылатын болама?

Салық кодексінің 14-бабы көрсетілген 1-1 тармағында негізгі және қосымша қызмет түрлерін бөлуді қарастырылмаған, тиісінше сұрақта көрсетілген барлық тұлғалардың міндеті туындайды. 

Қандай кұжаттардың негізінде жинау, талдау және ақпаратты тарату бойынша қызметі анықталатын болады?

Бастапқы бухгалтерлік құжаттар негізінде анықталады, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының әрекеті қолданылатын тұлғалар үшін.

Олардың нәтижелерін талдау немесе тарату, материалдар мен жиналған мәліметтер бойынша қалған тұлғалар үшін.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында ақпаратты жинау, талдау және таралуы, бұл нені түсіндіреді?

Салық кодексінің 12-бабы 3-тармағына сәйкес Салық кодексінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.

Басқа да салаларының талдауы көрсеткендей, сөздер мен сөз тіркестері көрсетілген үшін арнайы анықтаулар пайдаланылмайды. Тиісінше, осы сөздер мен сөз тіркестері оның лексикалық мәндерінде көрсетілгендей, мағынасы мен мазмұнында пайдаланылады.

Компания ақша түскеннен кейін, 10 күн ішінде 017.00 нысанының хабарлмасын тапсыру керек. Осы нысанда сомалар келісімді жасаған күнге көрсетіледі, ал ақшалар тұрақты түрде ай сайын көрсетіліп отырады. Осындай жағдайда 017.00 нысанын қалай беру керек?

017.00, 018.00 есеп нысанын толтыру кезінде 2016 жылғы 19 қазандағы №№553, 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қағидаларын басшылыққа алу қажет.Қағидаларға сәйкес 017.00 нысанының хабарламасын шет елдік көздерден алынуға жататын ақша (мүлік) бойынша жасалған келісім жасалған күннен кейін 10 күн ішінде тапсырылады. Нақты алынған ақшалар (мүліктер) бойынша тоқсан сайын мәліметтер 018.00 нысанында осы алынған ақшаның салық кезеңінде (тоқсан) толтырылады, сондай ақ басқа кезеңде (тоқсанда) жұмсалуы мүмкін.

Жабықтаушылардың көрсеткен қызметіне төленген немесе кез-келген жалақыны, салықтарды төлеуге шығындалған ақша «Ақшаны шығындау» ұғымына кіре ме?

Кез-келген, яғни қорытындысында алынған ақшаның  сальдосы (алынған ақша толық жұмсалғаннан кейін) шығу керек: алынған ақша=жұмсалған ақша.

Егер шетелдік қаржыландырудан түскен ақшаны өз қажеттілігі үшін пайдаланса? Оларды 018.00 есеп нысанында көрсету қажет пе?

018.00 есеп нысанын толтыру кезінде 2016 жылғы 19 қазандағы №554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қағидасын басшылыққа алу қажет. Ия, алынған ақша өз қажеттілігі үшін жұмсалатын болса көрсету қажет, яғни қорытындысында алынған ақшаның  сальдосы (алынған ақша толық жұмсалғаннан кейін) шығу керек: алынған ақша=жұмсалған ақша.

018.00н. есептілікті барлық банктік, кассалық төлемдер, ЖСН, БСН, ұйымдардың атауларын, сомма және төлем күнін қолмен толтыру кезінде жағдайлар туындайды. Бұндай операциялар салық кезеңінде бірнеше жүздеген, ұйымның белсенділігінен және жобаның санына қарай болуы мүмкін, сондықтан бұл орынсыз болып табылады. 1С-тен есептілікті жүктеуге мүмкіндік беретін және 018.00  нысанына жүктейтін электрондық жүйе бар ма?

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы сайтында (kgd.gov.kz) салық есептілігі нысанының көп қатарлы тізілімін толтыру, сондай-ақ 017.00, 018.00 н. есептілігін «Салық төлеушінің СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде Microsoft Office Excel форматында және жүктеуге (импорттау) мүмкіндігі бар. Тізілімдерді толтыру үшін үлгілер Ақпараттық жүйе → СЕӨЖ АЖ → Бағдарламалық қамтамасыз ету → Microsoft Office Excel мекен-жай бойынша форматтағы үлгілер салық есептілігі нысанын көп қатарлы тізілімдерін толтыру үшін орналастырылған.    

018.00н. есептілікті жіберуге мүмкіншілік болмайтын жағдайлар туындайды, өйткені Салық төлеушінің кабинетінде «Жүйелік қате» деген хабарлама шығып тұрады, «Салық төлеушінің СЕӨЖ» Клиенттік қосымша арқылы жіберуге тура келеді. Бұндай жағдайда қайда жүгіну қажет және жағдайды қалай шешуге болады?

Салық есептілігін, сонымен қатар 017.00, 018.00н. есептілігін толтыру және тапсыру бойынша техникалық мәселелерді шешу үшін, СЕӨЖ/СТК Пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді (адресі sonosd@mgd.kz). Мәселемен баяндай отырып, өтінімді қалыптастыру, және көрсетілген мекен-жайға Көрсету қызметіне жолдау қажет.