Жарияланған күні: 13.02.2023 16:55
Өзгертілген күні: 13.02.2023 16:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5 тармағына сәйкес әзірленді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 26 қаңтарында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 9 ақпанына дейін.