Жарияланған күні: 04.05.2024 16:34
Өзгертілген күні: 04.05.2024 18:15

       "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 сынақ серверінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және шот-фактуралар бланкілеріне келесі өзгерістер енгізілді.

      1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" ҚР Заңына және ҚР-да экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес экспорт және импорт бойынша валюталық шарттың сәйкестендіру нөмірін енгізу үшін ТІЖ және ЭШФ бланкісіне "есептік нөмір" жаңа өрісін қосу.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша толтыруға арналған ЭШФ бланкісінің "тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөліміне "сандық өлшем бірлігі", "сандық өлшем бірлігіндегі тауарлар саны" деген жаңа өрістерді қосу (тоңазытқыштардың СЭҚ ТН-нің 11 коды және тұрмыстық мұздатқыштар).

     3. "Экспорттық бақылауға жататын (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) тауарлар бойынша деректер"ТІЖ бланкісінің G10 бөліміне қосымша файлды (лицензияны, рұқсат беру құжатын) ерікті түрде қосу мүмкіндіктері.

      Өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда осы өзгерістерді өз есеп жүйелерінде ескеруді сұраймыз. ЭШФ АЖ веб-порталында ТІЖ және ЭШФ бланкілерін өзгерту 2024 жылдың мамыр айының соңында жоспарлануда.

      Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ және ЭСФ бланкілері бойынша жаңартулармен) https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1 МКК сайтында жүктеп алуға болады.

      Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ және ЭШФ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.