Жарияланған күні: 04.05.2024 11:48
Өзгертілген күні: 04.05.2024 11:50

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 және «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы»  2024 жылғы 9 қаңтардағы № 432 Жарлықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 17 сәуірдегі бекіткен Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру бойынша ұйымдастырушылық  іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты жаңа аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын құру болып табылады.

Жоба 2024 жылғы 3 мамырда  (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15038116)  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 21 мамырға дейін.