Жарияланған күні: 19.02.2024 18:08
Өзгертілген күні: 19.02.2024 18:16

Материалдық емес қызметтер бойынша
Бейрезиденттен – басқарушылық, консультациялық, консалтингтік және т.б. өзара байланысты тараптардан сатып алынған материалдық емес қызметтер бойынша шығындар КТС бойынша шегерімдерге жатпайды. Бұл шарт салық салынатын табысты азайту мақсатында шығындарға да қолданылады (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі).

Микроқаржы ұйымдарына салық салу бойынша
Микроқаржы ұйымы КТС есептеу мақсаттары үшін микрокредит және ол бойынша сыйақы бойынша үмітсіз берешекті ең жоғары мөлшер шегінде кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайда құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерінің төмендеуінен түсетін табысты мойындамайды (коэффициент 0,2) (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі).

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға салық салу бойынша
КТС есептеу мақсаттары үшін салық салынатын табысты азайту Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша Екінші деңгейдегі банктер алған кірістер бойынша жүргізілмейді. Сондай-ақ, бейрезиденттердің табыстары бойынша мемлекеттік эмиссиялық қағаздар бойынша сыйақы түрінде босату алынып тасталынды (2024 жылғы 1 наурыздан бастап енгізіледі).
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыс сомасына салық салынатын табысты, сондай-ақ көрсетілген бағалы қағаздарды өткізуден келтірілген залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табысты азайту құқығы алынып тасталды (2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Резидент заңды тұлғалар үшін дивидендтерге салық салу бойынша
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын енгізілген Салық кодексінің ережелері алынып тасталды:
- егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылмаса (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды), қаса, АХҚО биржаларында орналастырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер бөлігінде КТС бойынша жылдық жиынтық табысты түзетуді қолданбау;
- егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылмаса, жоғарыда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу көзінен салық салынатын табыс түрінде КТС салу.

Уақытша теңгерімдеу ақысы бойынша
Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған уақытша теңгерімдеу ақысы бойынша ережелер ұзартылды және мерзімсіз қолданылады. Салық кодексінің осы ережелері:
- жолаушыларды теміржол көлігімен теміржол тасымалдаушысына өтеусіз негізде тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысты, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар бойынша шегерім;
- жүктерді тасымалдаушы үшін жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартым операторына төленген уақытша теңгерімдеу ақысы (белгіленген мөлшер шегінде) бойынша шығыстар бойынша шегерімге құқық;
- оператордың жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартуды іске асыру бойынша айналым деп тануы уақытша теңгерімдеу ақысын алу;
- ұлттық оператордың жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, өткізу бойынша айналымды танымауы, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуі;
- Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе теміржол тасымалдаушысына өтеусіз негізде көрсету үшін пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызу құқығы, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып.

Криптовалюта ҚҚС салу бойынша
Криптовалюталарды сату кезінде ҚҚС-тан босату көзделеді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі).