Жарияланған күні: 19.04.2024 12:54
Өзгертілген күні: 19.04.2024 12:56

       2024 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде көшпелі сабақ өтті.

      Практикалық білім мен дағдыларды тереңдету шеңберінде Академияның Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің EMPA 2023 модульдік оқыту магистранттарының тобы Комитетке барды. Топ құрамында квазимемлекеттік сектор, бюджеттік сала қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер болды. Бұл көшпелі семинар білім беру бағдарламасының бір бөлігіне айналды және мемлекеттік органның жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік берді.

      Сапар барысында магистранттар комитеттің жетекші сарапшыларымен кездесті, салықтық және кедендік әкімшілендірудің ағымдағы жай-күйі, оны болашақта дамытудың ықтимал стратегиялары туралы түсінік берілді. Салық түсімдерінің тиімділігін арттыру үшін деректерді жинау мен талдаудың соңғы әдістері де ұсынылды. Өмірлік жағдайлардың шынайы жәйттер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

      Магистранттар өздерінің кәсіби қызметінде қолдана алатын құнды тәжірибе мен білім алды.

      Ең қызықты тақырыптар-бюджет кірістерінің құрылымы, салық базасын ынталандыру, кеңейту және бюджеттің кіріс бөлігін нығайтудың заманауи тәсілдері, жалпыға бірдей декларациялау, салық салудың сервистік-бағдарланған моделін құру, клиентке бағдарланған салықтық әкімшілендіруді қалыптастыру, цифрлық технологияларды қолдана отырып кедендік әкімшілендіру тәсілдері болды.