Date of publication: 16.09.2016 18:31
Date of changing: 17.09.2016 15:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз-релизі

2016 жылғы 15 қыркүйекте Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесінің 64-ші отырысы өтті.

2016 жылғы 15 қыркүйекте Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесінің 64-ші отырысы өтті.Кеңес ТМД салааралық ынтымақтастық органдарының  бірі болып табылады, кедендік ведомстволарының кеден ісі саласындағы іс-қимылын үйлестіру үшін 1993 жылы құрылған.  КҚТК ТМД отырысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты. 

Қазақстан жағын Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожин басқарды. Сондай-ақ, Кеңес жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссия мен Литва, Латвия және Польша кеден әкімшіліктерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысқан.

Іс-шара басталар алдында Беларусь Республикасының Президенті А. Г. Лукашенко делегациялардың басшыларын қабылдап, өзінің құттықтау сөзінде Достастық мемлекеттерінің кеден органдарына ерекше жауапкершілік жүктелетін атап өтті және олардың құзырына жататын одан әрі бүкіл кешенді мәселелер бойынша ынтымақтастықты жандандыру тіледі.
"Кеден қызметтері жедел және сапалы тауарлық ағындар өңдеуге, санының көбеюіне, әріптес елдер санының көбеюіне ықпал жасауға, сауда көлемін арттыру үшін бағытталған", - деп Александр Лукашенко атап өтті.

Қалыптасқан отырысының барысында КҚТК ТМД 10-нан астам мәселелер шешілді, соның ішінде типтік технологиялар жобасы темір жол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік ресімдеу мен бақылау кезіндегі кеден органдарының темір жол әкімшіліктері ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің қарым-қатынасын өзара әрекеттесу, ХЖТ кiтапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясына өзгерістер қолдану, кеден органдарының ақпараттық жүйелеріне және ресурстардың үлгілік ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар әзірлеу.

Отырыс іскерлік және игілікті жағдайда  өтті,  іс-шараның жоғарғы деңгейде өкуіне, Кеңес мүшелерінің белсенді қатысқаны ықпал етті.

Достастық мемлекеттерінің кеден қызметіндегі өзара іс-шараларының ең  негізгі өзекті    практикалық  сұрақтары бойынша кәсіби пәндік диалог өтті. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің одан әрі негізгі кеден ісі аспекпектісінің ынтымақтастығына бағытталған,шешімді Кеңес қабылдады.

Өткізілген Кеңестің отырысы Беларусь Республикасының кеден комитетімен салтанатты турде, Беларусь Республикасының кеден органдарына 25-жыл  толуына орай өтті.Мәселен,жуырда 7-ші «Беларусь Республикасының кеден қызметіне-25 жыл: қазіргі заман және жарқын болашақ» Халықаралық практикалық конференциясы өткізіліп,оның шегінде сыртқы экономикалық қызметті оңтайландырудағы Дүниежүзілік кедендік ұйымдардың рөлімен орыны талқыланып, ЕАЭО Кедендік кодексінің новеллалары және оның механизмдерін іс жүзінде еңгізу.Кезекті, 65-ші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесі Әзірбайжан Республикасының аумағында 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында өтеді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі