
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және сақтау МКК қызметінде ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
2016 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде кедендік рәсімдерді оңайлату және зияткерлік меншікті қорғау тақырыбында брифинг өтті.
Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және сақтау Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметінде ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-тарауымен және Кеден одағының Кеден кодексінің 46-тарауымен реттеледі.
Қазіргі уақытта, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шаралар негізінен құқық иеленушілердің өтініштері бойынша зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінің негізінде қабылданады.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне 01.10.2016 жылғы жағдай бойынша 3628 тауарлардың атауы бойынша 418 тауар белгісі (119 құқық иеленуші) енгізілген.
2015 жыл ішінде аумақтық бөлімшелерімен жалпы құны 9,3 млн. АҚШ долл. астам зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 421 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылған. 2016 жылғы 9 ай ішінде жалпы құны 8,5 млн. АҚШ долл. астам зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 371 тауарға арналған декларациялары бойынша тауарларды шығару тоқтатылған.
Қазақстан Республикасы тауар таңбасына ерекше құқықтардың аумақтық (ұлттық) аяқталу қағидатын ұстайды, мұнда тауар таңбасын немесе осы таңбамен белгіленген тауарды құқық иесінің рұқсатсыз әр қайсы пайдалану (оның ішінде оны әкелу) зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы деп қаралады («параллель импорты» деп аталатын шектеу).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 439-бабының 2 және 4-тармақтарына өзгерістер және толықтырулар енгізілген, олар зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу кезіндегі құжаттарды жинау бойынша құқық иеленушінің жұмысын жеңілдетуге бейімделген.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)