Date of publication: 30.11.2016 12:34
Date of changing: 02.12.2016 20:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

«Өзара іс-қимылдың заманауи платформалары – салық және кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту»

2016 жылғы 23-24 қарашада Венгрияның астанасы Будапешт қаласында «Өзара іс-қимылдың заманауи платформалары – салық және кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияға 50-ден астам елдердің кеден және салық өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Куния Микурия және Салық ұйымдарының ішкі еуропалық ұйымының атқарушы хатшысы Мигель Сильва Пинта қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитетін Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Эльдар Мамлин білдірді.

Соңғы жылдары жалпы дүниежүзілік практика ретінде кеден және салық қызметтерін бірыңғай органға қайта құру болып табылады. Жалпыға бірдей тренд ретінде Э.Мамлин Мемлекеттік кірістер комитетінде деректерді интеграциялау және ТБЖ өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен бөлісті, Қазақстанның екі қызметінің тәуекелдерді басқару жүйесінің «тізбекті бақылау» өз моделін құруға тырысып жатқанын жеке атап өтті.

Келешекте құнды бақылау соңғы іске асыру кезеңіне дейін тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге бір қалыпты өтеді. Аталған идеяны орындау шеңберінде басты тармақ «виртуалды қойма» жобасын ендіру, оның базасында кедендік декларациялауды электронды шот-фактураларына «байлау» іске асырылатын болды. Нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен бөлшек саудаға дейін тауарларды жеткізудің барлық тізіліміне мониторингтеу іске асырылатын болады. Қазақстанның тәжірибесі ЕЭО-ның кейбір елдерінде, атап айтқанда Ресейде әлдеқашан қолға алынды.

Конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстанның кеден және салық қызметтерін жаңғырту жолы анық тәжірибе жүзінде қолданылуда және озық әлемдік трендке сәйкес келетіндігі айқындалып келеді. 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)