Date of publication: 23.02.2017 09:31
Date of changing: 23.02.2017 09:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ МКК төрағасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауын халыққа түсіндіру үшін Қостанай облысына барып келді

 

       Ү.ж. 20-21 ақпан күндері ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топтың құрамында Қостанай облысына барып келді.

     Жұмыс сапары барысында А.Теңгебаев Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен қызметкерлермен, бизнес және банк саласының өкілдерімен, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Сонымен қатар, ол Затобольск ауылына (Қостанай облысы) барып, ондағы жергілікті тұрғындары мен белсенділермен әңгімелесті. Іс-шараларға 800-ден астам адам қатыса алды.

         2017 жылғы Жолдауының негізгі басымдықтары туралы мәлімдеген Ардақ Мырзабайұлы еліміздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» кезеңіне қадам басу маңыздылығын  ерекше атап өтті, сондай-ақ ол Мемлекеттік кірістер комитетінің Елбасы берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып отырған жұмысы туралы айтып берді.

      Жолдауды түсіндіру барысында келесі тақырыптар қозғалды: фискалды орталықсыздандыру, бизнес ортаны жақсарту, салық жүйесін реформалау, ЕЭК Кеден кодексі және тағы басқа.

       Аса сезімтал тақырыптарының бірі, әсіресе ауыл тұрғындары үшін, бұл – жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) тәуелсіз бюджетін енгізуі. 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, ауыл мекендер мен округтар өз тәуелсіз бюджетіне ие болады. ЖӨБ бюджетіне 6 салық түрлері бойынша түсімдер берілетін болады: төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден төленетін ЖТС, жеке тұлғалардың меншігіне төленетін салық, жеке және заңды тұлғалардың көлігіне төленетін салық, жеке және заңды тұлғалардың жерге төленетін салығы.

       «Жергілікті тұрғындар жиналыстар арқылы олардың салықтары қалайша жұмсалатынын бақылай алады. Жергілікті бюджеттік қаражаттар қандай мақсаттарға баратынына ықпал ете алады. Әр тиын азаматтардың нақты қажеттіліктеріне жұмсалатын болады»,- атап өтті өз баяндамасында МКК басшысы.

       Жолдауды түсіндіру барысында А. Теңгебаев тағы бір өзекті мәселені атап өтті. Бұл – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Бұл үшін салықтық-кедендік саласында жеңілдету шараларды қабылдау арқылы кәсіпкерлік шығындар азайтылатын болады.  Мысалы, МКК төрағасы атқандай: «Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚҚС төлеушілердің тіркелуі онлайн режиміне ауысатын болады. Яғни, бұны тінтуірдің бір басуымен жасауға мүмкін болады».

    Кездесулерге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президент Жолдауына шынайы қызығушылық танытып, өз қолдауын білдірді.

      Іс-шаралардың соңында, салықтық-кедендік саласында қатысушарды толғандыратын мәселелер мен қойылған сұрақтарына толық әрі сапалы жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

 

        

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)