Date of publication: 03.06.2024 11:19
Date of changing: 03.06.2024 11:22

      2024 жылдың 28-30 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Заң департаментімен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік істерін қарау мәселелері, сондай-ақ әкімшілік тәжірибе мәселелер бойынша семинар өткізді.

     Іс-шараның мақсаты – әкімшілік сот ісі жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

     Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Дәріскерлер ретінде:

    - ҚР ҚМ МКК Заң басқармасы басшысының орынбасары – Диас Канатұлы Ахметов;

    - ҚР ҚМ МКК Заң басқармасының бас сарапшысы – Мира Жұмабайқызы Жансаитова;

    - ҚР ҚМ МКК Заң басқармасының бас сарапшысы – Абдульманова Гульмира Мурзахметовна сөз сөйледі.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторларға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тестілеу білімі өткізілді, 138 қатысушы біліктілігін сәтті арттыру туралы электронды сертификат алды.