Date of publication: 27.02.2017 12:06
Date of changing: 27.02.2017 12:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа отырысы өтті

 

 Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік кірістер органдарының 2016 жылы атқарған қызметінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында ведомствоның алдында қойған міндеттер аталып өтілді.  

Осыған байланысты, фискалдық орталықсыздандыру, бизнес шығындарын қысқарту, салықтық және кедендік әкімшілендіру жақсарту, аспаптарын жақсарту, бизнесті қаражатты көлеңкеден шығаруға ынталандыру сияқты және басқа да бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары егжей-тегжейлі пысықталды және белгіленді.

Сонымен қатар, салық тексерулерінің санын азайту, атап айтқанда рейдерлік тесерістерді қысқартуға қатысты ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтановтың ҚР Қаржы министрлігінің өткендегі алқа отырысында берген тапсырмасын орындауға ерекше көңіл бөлінді.

Мысалы, Комитеттің мұқиятты жан-жақты талдау жүргізуінің негізінде МКК деректер қорына чектердің деректерін онлайн берумен, бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге қатысты рейдтік тексерулерді жүргізбеу туралы Тапсырманы орындау тетігі ұсынылды.

Бұл рейдтік және хронометраждық тексерулерердің санын қысқаратын болады.

Іс-шараның соңында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша қорытынды шығарылды және үш санат бойынша жеңімпаздар марапатталды:

1.         «Республиканың ең үздік қызметтерді көрсету орталығы» –  Алматы қ. бойынша МКД-ның Жетысу ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы;

2.         «Ауыл мекенде немесе қалада орналасқан ең үздік қызметтерді көрсету орталығы» – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД-ның Тимирязев ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы;

3.         «Республиканың ең үздік кедендік рәсімдеу орталығы» – Қарағанды облысы бойынша МКД-ның «Қарағанды-КРО» Кедендік бекеті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)