Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығымен 2024 жылғы 1 тамызда күшіне енген жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанына және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты, салық есептілігінің нысанының «Салық есептілігін өңдеу сервисі» ақпараттық жүйесінде (СЕӨС АЖ) және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында 270.00 «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» салық есептілігінің нысанын жаңарту жүргізілді.
«E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 СЕН жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл процесс ауқымды және СЕН сыртқы түрінің пайдаланушы интерфейсін жақсартудан бастап, маркеттерде (App Store, Play Market, AppGallery) жаңа нұсқаны жаңартуға дейінгі бірнеше кезеңдерді қамтитынын ескере отырып «E-salyq Azamat» СЕН 270.00 мобильді қосымшасында қазіргі уақытта қолжетімсіз.
2024 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 270.00 нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» және СЕӨС АЖ арқылы ұсынуға болады, бұл ретте 2023 жылғы нысанның нұсқасын таңдау қажет. Егер, 2021-2022 жылдар кезеңі үшін 270.00 нысанына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда алдыңғы нұсқасын пайдалану қажет екенін қосымша хабарлаймыз.
«E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 СЕН жаңартудың аяқталуы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.