Date of publication: 10.12.2024 10:09
Date of changing: 10.12.2024 10:10
Құрметті салық төлеушілер!
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық себептер бойынша жүйені жаңартуға байланысты «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі 2024 жылғы 10 желтоқсанда сағат 16:00-ге дейін қолжетімсіз болатынын назарға жеткізеді. 
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:
- 2024 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2024 жылғы 11 желтоқсаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.