
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2025 жылғы 06 шілдеде Астана қ.уақыты бойынша сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетінін сіздің назарыңызға жеткізеді.
Жұмыстарды жүргізу кезінде «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кедендік компоненті» (АСТАНА-1), «Бірыңгай терезе» ақпараттық жүйесі (Е-терезе), «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шот» ақпараттық жүйесі (ОБДШ), «Салық төлеушінің кабинеті» (СТК), Қазақстан Республикасының Бірыңғай салықтық ақпараттық жүйесі (БСАЖ), "Кеден" ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан дербес шотта оң сальдо қалыптастыру мақсатында КТжС төлеуді алдын ала жүргізуді сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.