Date of publication: 03.02.2026 18:17
Date of changing: 03.02.2026 18:19

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9 - бабының 2 -тармағымен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі-төлемақы) арнайы түсімдерге жатқызылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес төлемақы бойынша бюджеттік жіктемелер коды 105316-дан 401101-ге өзгертілді.

Бұл ретте декларация бойынша төлемақының есепке жатқызылуы (870.00 СЕН) жоғарыда көрсетілген өзгерістерге сәйкес келтірілген. Жаңарту 2026 жылдың 3 ақпанында орнатылды.

Осылайша, төлемақыны төлеу КБК 401101-ге жүзеге асырылуы керек.