Date of publication: 04.02.2026 17:50
Date of changing: 04.02.2026 17:57
Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 5-ақпанда сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 5-ақпанда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2026 жылғы 5-ақпаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2026 жылғы 5-ақпаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.