
Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға, ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу және электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру қағидаларына сәйкес ТІЖ және ЭШФ жаңа нысандары әзірленгенін хабарлайды. Қазіргі уақытта аталған нысандар «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің тестілік серверінде қолжетімді https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443.
Сонымен қатар, аталған нысандарды іске асыру барысында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
ТІЖ нысанында G-G10 бөлімдеріндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді және G6, G7, G10 бөлімдеріне «Тауар коды» өрістері қосылды.
ЭШФ нысанында:
- G бөліміндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді;
- «В» бөліміндегі «Жеткізуші санаты» өрісінен «Жеке сот орындаушысы», «Медиатор», «Нотариус» санаттары алынып тасталды;
- «С» бөліміндегі «Жеткізуші санаты» өрісінен «Адвокат», «Жеке сот орындаушысы», «Медиатор», «Нотариус» санаттары алынып тасталды;
- жаңа өріс қосылды;
- «Шарт бойынша төлем талаптары» өрісі «Есеп айырысу тәсілі» өрісіне ауыстырылды - аталған өріс ЭШФ қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылуға тиіс.
Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда аталған өзгерістерді есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз.
Әзірлеуші жиынтығы (ТІЖ, ЭШФ нысаны бойынша жаңартулары бар SDK) келесі сілтеме бойынша жүктеуге қолжетімді https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/esf-sdk-311225.rar.
Пайдаланушы нұсқаулығымен МКК сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1.
ТІЖ, ЭШФ нысанындағы өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.




























