
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 30-маусымда сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 30-маусымда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2026 жылғы 1-шілдеден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2026 жылғы 1-шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.




























