Date of publication: 01.07.2026 10:37
Date of changing: 01.07.2026 10:45

Құрметті салықтөлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағалануы қадағалануға жататын тауарларды және олардың айналымына байланысты операцияларды ұлттық қадағалау жүйесін пайдалана отырып есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатынын еске салады.

Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығымен бекітілген.

Қадағалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілерге «Виртуалды қойма» модулі арқылы ресімделген тауарларға ілеспе жүкқұжат негізінде электрондық шот-фактураны жазып беру қажет.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген (тауарлардың тізбесі төменде келтірілген).

Қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 34 коды енгізілген.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар бойынша қадағалау тетігі қолданысқа енгізіледі.

Қадағалануы жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың тізбесі:

 

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауар атауы

Қадағалау мақсатында қолданылатын сандық өлшем бірлігі

8418 10 200 1

8418 10 800 1

8418 21 100 0

8418 21 510 0

8418 21 590 0

8418 21 910 0

8418 21 990 0

8418 29 000 0

8418 30 200 1

8418 30 800 1

8418 40 200 1

8418 40 800 1

Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар

дана

8450 11 110 0

8450 11 190 0

8450 11 900 0

8450 12 000 0

8450 19 000 0

8450 20 000 0

Тұрмыстық немесе кір жуу орындарына арналған кір жуғыш машиналар, оның ішінде сығу құрылғысымен жабдықталған машиналар

дана

8528 71 110 0

8528 71 150 0

8528 71 190 0

8528 71 910 0

8528 71 990 0

8528 72 100 0

8528 72 200 1

8528 72 200 9

8528 72 300 1

8528 72 300 2

8528 72 300 3

8528 72 900 9

8528 72 400 0

8528 72 600 0

8528 72 800 0

8528 73 000 0

Телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы, оның құрамына хабар тарату радиоқабылдағышы немесе дыбыс пен бейнені жазуға не оларды жаңғыртуға арналған аппаратура кіретін немесе кірмейтін

дана