ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Ағымдағы жылдың 22-26 маусымында Астана қаласында «МСФООС-қа сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» тақырыбына біліктілікті арттыру курсы өтуде. Аталған іс-шара ҚР ҚМ МКК Төрағасымен 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарымен көзделген.
Ұқсас курстар Атырау, Алматы, Қарағанды, Қостанай Көкшетау, Орал қалаларында маусым-тамыз айларында өткізіледі.
Курстарды өткізудің өзектілігімен бухгалтерлік есепті жүргізуде әлемдік стандартты оқытудың, оларды практикалық қолданысқа енгізу, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кірістер департаменттері мамандарының тәжірибесімен алмасу қажетті деп танылады.
Оқыту барысында есептеу саясатымен реттелетін нормативтік-құқықтық актілермен танысатын болады. Курста қаржылық есеп беру, активтерді есептеу, қаржылық қаражатты есептеу тұжырымдамалық негізде берілетін болады, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қаржылық инвестицияларды есептеу мәселесі, дебиторлық берешекті есептеу, қорды есептеу, негізгі қаражатты есептеу, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу, материалдық емес активтерді есепке алу, бағалау және кепілдік міндеттерді есептеу, басқа міндеттерді есептеу, кірістерді есептеу, шығыстарды есептеу, таза активті/капиталды есептеу , шоғырландырылған қаржылық есептеу және басқалар қамтылған.
Әрбір тақырыпты оқығаннан кейін курсты тыңдаушылар автоматтық режимде тесттер мен емтихан тапсырады. Тыңдаушыларға сауалнама жүргізу жоспарлануда. Тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарын өткізу қорытындысы бойынша сертификат тапсырылатын болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі