Date of publication: 19.02.2018 18:11
Date of changing: 19.02.2018 18:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Астана және Алматы қалаларының Салық төлеушілерге қызмет көрсету орталықтары және Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары

жаңа кестемен жұмыс жасап жатыр

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін бүгінгі таңда пилоттық жоба шеңберінде Астана және Алматы қалаларының аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында Салық төлеушілерге қызмет көрсету орталықтары және Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жаңа кестемен жұмыс жасап жатқанын назарыңызға жеткізеді.

Енді аталған мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер қызметтерді жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ала алады. 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)