Date of publication: 23.07.2015 17:33
Date of changing: 24.07.2015 09:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет) «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізу» тақырыбында брифинг өтті.

2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа қадам» Қазақстан халқына Жолдауды жүзеге асыру мақсатында және 100 нақты қадамның Ұлттық жобасының 40-қадамын бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша Комитет тауарлар тізбесін кеңейту және СЭҚ-қа қатысушылардың кейбір санаттарын оларға қатысты кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі ұсынылды.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасының «Кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару» бабына тиісті түзетулер Еуразиялық экономикалық одаққа жолданды.

Еуразиялық одақтың заңнамаларына түзетулер қабылданған және мақұлданған жағдайда тауарлар тізбесін,СЭҚ-қа қатысушылар санаттарының тізбесін, сондай-ақ:

1) еркін кедендік аймақ, еркін қойма, кедендік аймақта қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастыру;

2)     оларға қатысты инвестициялық преференциялар көзделетін;

3)     кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі бөлігінде,УЭО мәртебесіндегі СЭҚ-қа қатысушылар санаттарыныңтізімін кеңейту күтілуде.

 

 

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі