
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ҚР ҚМ МКК-ті делегациясының кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы
Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетіне қатысуы туралы
2018 жылғы 20 сәуірде Брюссель қаласында (Бельгия) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестік туралы келісім шеңберінде кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 2-ші отырысы болып өтті. Қазақстан тарапынан делегацияны, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Еуропалық Одақтағы Қазақстан Республикасының миссиясының өкілдері құрады. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмрин басқарды, ол Қазақстан тарапынан ЕО-ҚР-ң Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің тең төрағасы болып табылады.
Еуропалық Одақ ЕО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, Еуропалық Комиссия, Астанадағы ЕО-ң өкілдігі және Алаяқтықпен күрес бойынша Еуропалық бюросының (OLAF) делегаттарымен ұсынылды. Еуропалық тараптың тең төрағасы болып Еуропалық Комиссияның Салық салу және Кеден одағы бойынша Бас Директоратының бөлім басшысы Фернандо Перрава де-Пиннинк сөз сөйледі.
Кездесуге Еуропалық Комиссияның (DG TAXUD) Халықаралық және Жалпы қатынастар дирекциясының Басшысы Сабина Хенцлер ханым қазақстандық делегацияны жылы қабылдады және Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кедендік салада тиімді байланысты және ынтымақтастықты орнату маңыздылығын атап өтті.
Ғ.К. Әмрин Қазақстан атынан Кіші комитеттің тең төрағасы, тараптар арасындағы кедендік саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығын растады, бұл ынтымақтастықтың өзектілігі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымының Қазақстан Республикасының тауар айналымындағы арыстанның үлесін иемденуімен нығайтылатынын атап өтті. (ҚР ҰЭМ-ң статистика комитетінің ақпараты бойынша: 2017 жылға ҚР-ң жалпы тауар айналымының 37% – 30 миллиард АҚШ долларын құрайды).
Тараптар бір-бірінмен кеден заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы, кеден саласында реформаларды жүзеге асыру туралы, ҚР және ЕО-да уәкілетті экономикалық операторлар институтының даму бағдарламасы жайында ақпаратмен алмасты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың транзиттік және көлік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Еуропалық тарап NCTS атты ЕО елдерінің бірыңғай транзиттік жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен оң тәжірибелер туралы хабардар етті.
Қазақстандық делегация ЕО, Қытай және Гонконг арасындағы «Ақылды және қауіпсіз сауда дәлізі» (SSTL, Smart and Secure Trade Lanes) пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қосылуға қызығушылық танытты, бұл жобаны теміржол көлігін кеңейту кезінде барлық тараптардың транзиттік және көлік әлеуетін күшейтеді.
Еурокомиссия Қазақстан тарабына «Ақылды және қауіпсіз сауда дәлізі» пилоттық жобасыныңы іске асырылуы туралы, перспективасының дамуы және кеңейту, сондай – ақ Қазақстанның әлеуеті бойынша қатысу үшін мәселесін қарауға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар бір-бірінің құқық қорғау қызметінде кеден ісі саласында ҚР мен ЕО қорытындыларын айтты. Экономикалық тергеу қызметі өкілдері ҚР ҚМ МКК және Еурокомиссияның "OLAF" алаяқтықпен күрес жөніндегі бюросы кедендік ісі мәселелерінде өзара әкімшілік көмек желісі бойынша байланыс тізімдерімен алмасып бір – біріне қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.
Екі жақ тараптардан шағын комитет шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімі (2015 жылы тараптар арасында қол қойылған), Өз жұмысын 2017 жылдың наурыз айында бастады, бірінші отырысын Астана қаласында өткізді.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)