
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
19.08.2015ж.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік шекараның қазақстан-қырғыз учаскесіндегі өткізу пункттерінде орналасқан
кедендік бекеттерді тарату бойынша жұмыстар жүргізуде
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті Өткізу пункттерінің қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы Қайрат Маубаевтың қатысуымен «Қазақстан-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндіру» тақырыбында брифинг өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қырғыз Республикасын Еуразия экономикалық одақ туралы шартқа қосу туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Көрсетілген Шарттың ағымдағы жылғы 12 тамыздан бастап күшіне енуіне байланысты Мемлекеттік шекараның қазақстан-қырғыз учаскесіндегі тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жойылды.
Кедендік бақылаудың жойылуына байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер қызметі мемлекеттік шекараның қазақстан-қырғыз учаскесіндегі өткізу пункттерінде орналасқан кедендік бекеттерді тарату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Босатылатын қызметкерлер мемлекеттік кірістер органдарының басқа аумақтық бөлімшелеріне орналастырылатын болады.
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасымен өзара саудада Кеден одағының кеден заңнамаларын қоса алғанда Одақтың халықаралық шарттары қолданысқа енгізілді. Осылайша, Одақ шеңберінде бірыңғай кедендік реттеу және кедендік бақылауды және декларациялауды қолданбай-ақ ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды еркін өткізу қамтамасыз етілетін болады.
Бұл ретте шекарада ҚР тарапынан шекаралық, көліктік, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау сақталады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сондай-ақ тауарлардың экспорты және импорты бөлігіндегі салық салудың негізгі принциптерін еске салады. Тауарлармен өзара саудада жанама салықты өндіріп алу ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) тауарлардың экспорты кезінде акциздерді төлеуден босату, сондай-ақ импорттау кезінде жанама салық салық салу көзделген межелі елдің қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электрондық түрде, не тек электрондық түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны тапсыруға міндетті. Аталған декларациямен бір мезгілде салық төлеуші Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды, оның ішінде Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы арызды қағаз нұсқасында (төрт данада) және электрондық түрде, немесе тек электрондық түрде салық органдарына ұсыну қажет.
Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде жанама салықты өндіріп алу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асырған жердің аумағындағы мүше-мемлекетте жүзеге асырылады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі