ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
28.08.2015ж.
Баспасөз релизі
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ғимаратында Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) Қазақстан Республикасының Конституция күніне 20 жылдық мерейтойы құрметіне салтанатты жиналысы өтті.
Біздің Конституция ең құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатын негізгі заңымыз ретінде халқымыздың еркіндігін, елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай Комитет төрағасы қатысушылардың барлығын келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Комитеттің кейбір қызметкерлеріне Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ мереке құрметіне Комитеттің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне Комитет төрағасының бұйрығымен кезектен тыс таптасу класы бекітілді. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер қызметінің бірқатар қызметкерлері «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды, оның ішінде Комитет төрағасы Дәулет Ерғожин. Комитеттің бөлек қызметкерлері «Еуразия экономикалық одақтың құрылуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Кездесу Комитет ұжымымен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды. Осы мерекеде айтылған патриоттық әндер барлық ұжымды көңіл-күймен қуаттандырды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі