ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
07.09.2015 ж.
Баспасөз релизі
Халықаралық практикада тұрғындардың нақты табыстарын салықтық бақылау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл құралы ретінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау әлемнің көптеген елдерінде қолданылады (АҚШ, Канада, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Аустралия, Чехия, Италия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Швейцария, Чили, Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Мажарстан, Польша, Португалия, Испания, Эстония, Норвегия, Нидерланды, Словения және т.б.).
Қазақстан Республикасында барлық жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялауды енгізу туралы шешім қабылданды, себебі қазіргі уақытта барлық жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкінің шыққан көздеріне тиімді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ табыстар мен мүлік туралы декларацияны адамдардың шектелген аясы ғана ұсынады.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жоба) әзірленді.
Заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 42-қадамын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны орындау үшін жасалды.
Заң жобасымен табыстар мен мүлікті декларациялау жүйесіне кезеңді ену көзделеді. Мәселен, 2017 жылғы 1-кезеңде жеке тұлғалардың дайындалған санаты ретінде мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметшілері декларацияны ұсынады. 2020 жылдан бастап 2-кезеңде барлық қалған жеке тұлғаларды қамтиды.
Декларацияны Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, оларға тіркелген мүлік болған кезде кәмелетке толмаған тұлғалар (декларацияны тапсыру бойынша міндет кәмелетке толмаған тұлғалардың заңды өкілдеріне жүктелетін болады), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мүлігі болған немесе
салық салынбаған табыс көзі болған кезде шетелдіктер тапсыратын болады.
Декларациялау жүйесіне ену жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында және шегінен тыс жерлерде бар мүлкі, жинақтары, сондай-ақ жеке тұлғалардың талаптары мен міндеттемелері туралы мәліметтері көрсетілетін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны («кіру» декларация) ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады.
Кейіннен табыстары, мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, қатысу үлесі және т.б.) мүлікті иеліктен айыру немесе сатып алу туралы мәліметтер, мұндай мүлікті сатып алуға шығындар, сондай-ақ мұндай шығыстардың көздері көрсетілетін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация (жыл сайынғы декларация) тапсырылады.
Бұл ретте, табысы жоқ не мемлекеттік қызметші, депутат, судья, өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар болып табылмайтын, тек еңбек ақы немесе зейнетақы түрінде ғана табыстарды алатын тұлғалар, декларацияны 1 парақтағы оңайлатылған нысанда тапсыратын болады.
Заң жобасы әзірлеушісінің пікірі бойынша жоғарыда көрсетілген түзетулерді іске асыру салық салудан жалтаруды анықтау және көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында толыққанды бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі