Date of publication: 07.09.2015 19:34
Date of changing: 08.09.2015 09:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

07.09.2015ж.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнің жерасты суларын өндiретін жер қойнауын пайдаланушыларға

салық салу туралы мәселесіне байланысты түсiндірмесі

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жерасты суларын өндiретін жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі белсенді талқыланып жатқанына байланысты, ҚР Мемлекеттiк кiрiстер комитетi тағы да осы мәселе бойынша өз ұстанымын баяндау қажет деп санайды.

Салық қызметiнің органдары 2014 жылдың соңынан осы уақытқа дейін  2009 жылдан осы күнге дейінгі кезеңде жерасты суларынан өндірілген пайдалы қазбаларды табуға салықты есептеудің дұрыстығына камералдық бақылау жүргiздi.

Бақылау барысында жерасты суларын өндіруді және әрі қарай сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілер салықты нақты сатылған судың бағасынан емес, оның үстіне көтерілген өзіндік құнынан шыға отырып  есептеген, бұл салық заңнамасы нормаларының бұзушылығы болып табылады.

Оған қоса, жерасты суларын өндіруден пайдалы қазбаларды шығаруға салықты оларды сатудың орта бағасынан шыға отырып төлеу қажет екенін түсіне отырып, кейбір компаниялар «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (10.12.2008г. №100-IV) күшіне енгеннен кейін жеке жерасты суларын өндіру бойынша кәсіпорындар және олардан әрі қарай су дайындау және бөлшектеп өлшеу кәсіпорындары деп белгіледі.

Осылайша, жерасты суларының өндіруін жүзеге асыратын кәсіпорындар өз кәсіпорындарында өзіндік құны не бағаны сәл көтеру бойынша суды құю цехы бар кәсіпорын ретінде іске асыратын схеманы құрған.

Жерасты суларының өндіруін жүзеге асыратын жеке ірі жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын салық төлеуден жалтарудың мұндай схемалар, бар заңнамалардың нормаларына негізделе отырып, заңды болып табылады, дегенмен оларды салық органдары құптамайды.       

Өздерінің салық салуын оңтайландырмаған және бір кәсіпорын шеңберінде өндіру мен әрі қарай суды құюды таңдаған сол кәсіпорындар өздеріне заңда көзделгендей сатудың орташа құны негізінде емес, суды өндірудің өзіндік құны негізінде салық базасының салық заңнамасына сәйкес келмейтін анықтау әдісін таңдады.

Осылайша, аталған кәсіпорындар пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын төмендетеді.

Қазіргі уақытта минералды су өндірушілер пайдалы қазбаларды өндіру салығын өндірілген судың 1 литріне 2-3 тиын мөлшерінде төлейді. Яғни мемлекет жер қойнауын пайдаланушыларға суды 1 литр үшін 3 тиыннан сатады. Бұл ретте, сату, тіпті көтерме баға 1 литріне 30 теңгеден төмен болмайды. Соңғы тұтынушыға дейін баға сансыз делдалдардың мүдделерін ескере отырып, одан да жоғары болады.

Салық қызметінің органдары жерасты суларының өндіруін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға орташа сату бағасынан 10 пайыз мөлшеріндегі сома, яғни 1 литр үшін 3 теңге шамасында есептейді. Көріп отырғандай, аталған сома, егер оны уақытында төлейтін болса, астрономиялық болып табылмайды. Жеке компаниялардың өкілдері бізді сендіргісі келетіндей, 1 литрге 3 теңгелік сомасы өнімнің өзіндік құнын 80% арттырмайды.

Бұл ретте олардың пайдалы қазбаларды өндіруге салықты есептеудің қолданыстағы заңды әдісін қолданудан бас тартудың негізгі дәлелі, егер өндірілген жерасты суларын фильтр жабдығы арқылы өткізіп және бөтелкеге құйса, онда аталған су өндірілген жерасты суы болып табылмайды және мүлдем басқа өнімге – бөтелкедегі ауыз суға айналады деген сенімге ие. Яғни бөтелкедегі су өндірушілер суды бөтелкеге жерден емес, басқа түрде су құятын цехтардан пайда болады деп сендіргілері келеді.  

Өндіріс саласы мен ауыз суды құюды реттейтін қолданыстағы ұлттық стандарттан бірқатар үзінді келтірейік:

СТ РК 1432-2005 «Табиғи минералды және асханалық ауыз суды қоса алғанда, сатылатын ыдыстарға құйылған ауыз су.

Жалпы техникалық шарттар:

3.1.3 Табиғи су: Жерасты суы немесе жерүсті бастауларынан алынған су, ластанудан жақсы қорғалған және өзінің табиғи құрамы мен сапасын сақтап қалған.

3.1.5 Минералды табиғи ауыз суы: Бір немесе бірнеше жерасты бастаулардан алынған, жерасты суларын қалыптастыру аймағымен байланысты табиғи немесе жасанды жолмен ашылған, ластанудан сақталған, өзіне тән дәмі бар және физикалық-химиялық құрамы бір қалыпты, оның бастапқы құрамын өзгертетін өңдеуге ұшырамаған, ең аз минералды құрамы  0,25 г/куб.дм. табиғи су.

5.2. Табиғи минералды ауыз суы, оның ішінде минералды бастау суы. Қосымша талаптар...

5.2.5 Тұрақсыз қоспалардан шектеулі тазартуларға жол беріледі, мысалы құрамында темір мен күкірті бар бастауларды сүзу немесе қайта құю арқылы, судың сыртқа шығуына аэрировалық шерулену арқылы, судың сипаттарын қамсыздандыратын оның құрамы мен негізгі компоненттерін сақтау шарты арқылы тазалаудан өткізіледі.

Бұл ретте Қазақстанда жекелеген кәсіпкерлер ауыз суды тазалайтын озық емес су тазалағыш жүйесін қолдануда, бұндай тазалағыштар орны толмайтын көптеген шығындарға әкеліп соқтыруда. Осы тұрғыда кейбір жерқойнауын пайдаланушылардың айтуынша суды тазалаған кезде, судың 50% немесе одан да көбі кәрізге құйылатынын айтады. Салық заңнамасы оларды пайдалы кеңдерді алғанына және осы жоғалтатын суға салық төлемдерін төлеуді міндеттейді. Нәтижесінде осындай қымбат табиғи қордың бейберекет пайдалану салдарынан пайдаланылып отырған су бағасының қымбаттауына әкеліп соғады.

Пайдалы кендерді өндіруге салық салуының негізгі мақсаты, жерасты суын өндіру үшін уақытша құқық алып немесе басқа да пайдалы кен өндіру үшін, жер қойнауын пайдаланушы оған берілген жердің немесе пайдалы кеннің иесі бола алмайды. Жер қойнауын пайдаланушы берілген жердегі пайдалы кенді келісім шарт бойынша, белгіленген мерзімге дейін жер үстіне шығару құқығына ғана ие бола алады. Жер қойнаулар және пайдалы кендер халыққа және мемлекетке тиесілі болады. Пайдалы кендерді өндіруге салық салу – жер қойнауын пайдаланушыларға пайдалы кендерді өндіру үшін мемлекеттің Қазақстан халқының атынан өзіндік сату бағасы болып табылады. 

Анықтама үшін:

Қазіргі таңда су мәселесі өзінің маңыздылығымен бірінші орынға шығуда. Су бастауларына сұраныс өсуіне байланысты, жер асты су бастауларын қолдану көп пайдаланылуда. ЮНЕСКО деректері бойынша соңғы 50 жыл ішінде жерасты суын өндіру үш есеге көбейген. Кейбір жерасты қойнауларда су қоры қайта толықтырылмайды сондықтан олар төмен деңгейге жеткен.

Су – адам өмір сүруіне және экожүйенің толық болуындағы ең керекті және шектеулі табиғи компонент болып табылады. Қазақстан басқа да өңірдің елдері сияқты су ресурстары жеткіліксіз елдердің қатарына кіреді.

Халықтың тұрмыс тіршілігі, өіңрдің болашақ дамуы таза ауыз судың болуымен анықталады, бұл бізді бүгіннің өзінде ауыз суды оңтайлы пайдалануға ойландырады. Бұл мәселелердің барлығы Елбасымыздың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия «Қазақстан 2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында да орын алған, жерасты суларын тиімді пайдалану үшін қолданған іс-шаралар біздің ең қымбат табиғи байлық болып табылатынын: «Біздің еліміздегі су бастауларын қолдануда жаңа саясат табу қажет. Біздің қоғамымыздың су бойынша ойларын өзгерту қажет. Біздің ең басты қымбат табиғи байлығымыздың бірі – суды тиімсіз пайдаланбауымыз қажет...»,- деп атап көрсеткен.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыздар.