Date of publication: 10.09.2015 13:06
Date of changing: 10.09.2015 17:11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

10.09.2015ж.

«Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі»

атты конференциясының баспасөз релизі

2015 жылғы 10-11 қыркүйек кезеңінде Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бағдарламалар офисінің және Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКедҰ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) ұйымдастырған «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі» атты конференциясы өтуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу практикасы өзінің бастауын ҚР кеден қызметі ЕҚЫҰ-мен және ДКедҰ-мен бірлесіп ҚР астанасында «Кеден органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдірудің стратегиялық әдістері. Халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинарды ұйымдастырған 2009 жылдан бастап алады. Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша шетел мемлекеттердің құзыретті органдары мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ қазақстан тарапының өкілдері жеке сектормен әріптестік, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодексі, бизнес процестерін автоматтандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша келешектегі қадамдар саласындағы ұсынымдарды әзірледі және ұсынды.

Бүгінгі Конференция, оның мақсаты ҚР-да мемлекеттің табысына ақша қаражытының түсімі үшін жауапты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша сыңдарлы ұсынымдарды (оң тәжірибені) практикада қолдану мүмкіндігін зерделеу болатын жоғарыда көрсетілген семинардың жалғасы болып табылады.

Іс-шараның бірінші кезеңінде Комитеттің өкілдері алдыңғы өткен семинар қортындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебін ұсынады, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтерінің өзекті міндеттерін жарыққа шығарады.

Өз кезегінде халықаралық деңгейдегі сарапшылар - шет мемлекеттің құзыретті органының, халықаралық ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және бизнес қауымдастығының өкілдері өздерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен бөліседі.

Конференция қорытындысы бойынша қазақстан тарапы шақырылған қонақтармен бірлесіп өзінің қолданыстағы халықаралық тәжірибесі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы практикасын пәндік салыстыру және бірлескен бағдарламалар ауқымының кеңеюі бойынша практикалық қадамдарын құрайды, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша ұлттық бағдарламаны түзету сияқты, оның практикалық іске асыру жазықтығына сәтті өту үшін де елеулі негіздерді қалайды.    

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі