Date of publication: 25.06.2018 11:12
Date of changing: 25.06.2018 11:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ  Мемлекеттік  кірістер  комитетінің  Экономикалық тергеу  қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Маңғыстау  облысы  Ақтау  қаласы  аймағында орналасқан  «Морпорт» кеден бекетінде Біріккен Араб Әмірлігінен шығарылған жалпы құны 150,5 млн.теңгеден  жоғары ірі көлемдегі 9 теміржол контейнеріндегі «ROYAL», «ZEN», «TICKET», «M1», «FORMAN»  маркалы сигаретті толық рәсімдемей,  «құрғақ  құрылыс  материалдары» түрінде алып  өту дерегі  анықталды.

Контрабандалық сигарет бұдан  әрі  Рессей  Федерациясының аймағында  сатуға ниеттенген Қазақстан аймағындағы «К»  ЖШС  және «Т»  ДК-не  арналған.

Аталған қылмыс жасауға қатысы  бар барлық  азаматтарға қатысты  Экономикалық контрабанда  дерегімен Қазақстан  Республикасы Қылмыстық  Кодексінің 234-бабы 2-бөлімі 4-тармағымен сотқа дейінгі  тергеу басталды.

Осындай дерек Батыс Қазақстан облысында да  анықталды.

Комитеттің Экономикалық тергеу  қызметінің  қызметкерлері БҚО бойынша МКД қызметкерлерімен бірелесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Орал қаласындағы қоймалардан  және Орал-Саратов жолындағы  автокөліктерден Біріккен  Араб Әмірлігінен  «Морпорт» кеден бекеті арқылы әкелінген құны 4,8 млрд. теңгенің  14,1 млн. қорап  сигаретін анықтап, тәркіледі.

БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  Кодексінің  234-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, 214-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі  тергеуді  бастады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)