Date of publication: 25.06.2018 11:19
Date of changing: 25.06.2018 11:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу  қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша МКД-нің  қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарағанда қаласында жасырын (бұрмаланған) жолмен  алкогольдік өнімдерін өндіру және құюмен айналысатын ірі жасырын  цехтың  жолын  кесті.

Жасырын цех тұрақты топппен  ұзақ  уақыт бойы алкогольдік  өнімдерді  құю  және  бумалаумен  айналысқан. Қылмыс орынында 70 мың.шыныдағы дайын  алкогольдік өнім,  алкогольдік  өнім құятын әртүрлі формадағы 20 мың бос шыны, жалғандық  белгілері  бар 9,5 млн. данадан астам есептік-бақылау маркасы, қораптарға бумаланып салынған металл калпақтар (дайындалған), әртүрлі атаудағы алкогольдік өнімдердің рулондағы өздігінен жабысатын этикеткалары,  сыйымдылығы әртүрлі алкогольдік өнімдер  құятын  және  сақтайтын шынылар мен ыдыстар  табылып, алынды.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы «Сәлем» базары  аймағында орналасқан қоймадан 2 млн. данадан асатын жалған есептік-бақылау маркасы  алынды.

Алматы  қаласы бойынша МКД Қазақстан  Республикасы Қылмыстық  Кодексінің 233-бабы 2-бөлімі, 214-бабы 1-бөлімімен қылмыстық істер қозғалды.

Қазіргі уақытта  жалған алкгольдік  өнімдерді және жалған  есептік-бақылау маркаларын  өткізген  орындарда аталған құқық бұзушылықты  жасағандарды және барлық қатысты  тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)