
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Павлодар қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АИ-92 маркалы жанар-жағармайдың көтерме жеткізушілерінің заңсыз іс-әрекетінің жолы кесілді.
«Т» ЖШС, «Е» ЖШС және «Г» ЖШС-нің басшылары пайда табу мақсатында ұзақ мерзім аралығында жанар-жағармайды сатып алу-сатумен айналысқан.
Түрлі кәсіпорындардан алынған мұнай өнімі одан әрі резервуарларға құйылған, ал олардың жүк-құжаттары жеткіліксіз мәліметтер ұсыну арқылы қате толтырылған деп жойылып отырған. Шын мәнінде жанар-жағармай олардың жалға алған мұнай құю базаларында жинақталған.
Осылайша, бағасы 34,4 млрд. теңгеге 265 мың тонна жанар-жағармайға 6,5 мың жүк-құжаттары жойылған.
Мұнай өнiмдерiнің заңсыз иемдену, сақтау және өткiзу айғағы бойынша ЖШС басшыларына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тінту және құжаттарды алу бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмысты жасау белгілері анықталуда.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)