
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
02.10.2015ж.
2015 жылғы 2 қазанда Шымкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің 22-отырысы (ТМД СҚБҮК) өтті.
Отырыстың жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова, ТМД Атқару комитеті және ТМД СҚБҮК Базалық ұйымының делегациялары «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті» тұлғасында қатысты.
Аталған іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Корея және Грузия Республикаларының салық қызметтерінің өкілдері шақырылды.
Күн тәртібіне ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы-экономикалық саласындағы өзара іс-қимылдың көкейтесті сұрақтары, СҚБҮК 2015-2016 жылдарға қойылған міндеттері, бұдан бұрын қабылданған шешімдерді орындау, сарапшылардың жұмыстарын қорытындылау және т.б. енгізілді.
Кездесу қатысушыларын іс-шараның салықтық әкімшілендіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың арасында тиімді өзара іс-қимыл үшін маңызы зор екенін атап өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі Бейбіт Атамқұлов қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин өзінің сәлемдесу сөзінде отырысты Ұлы Жібек жолының тоғысқан жерінде орналасқан Шымкент қаласында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті, және экономикалық тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастықты кеңейту бойынша прогрессивті көзқарасты және салықтық әкімшілендірудің келешектегі дамуын жариялады.
Қазақстан тарапы аталған отырыстың күн тәртібіне өзекті мәселелердің бірі – төлеушілердің тауарларды сату, қызмет және жұмыс көрсеткені үшін алатын қолма-қол ақша құралдарынан түсетін табысты бақылау саласындағы салықтық әкімшілендіру практикасын талқылауды ұсынды. Атап айтқанда:
- мәселенің нормативтік реттелуі;
- бақылау іс-шараларының практикасы;
- қассалық жабдықтардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды пайдалану.
Аталған мәселені, отырысқа қатысушылардың барлығы қолдады және Қазақстан делегациясының баяндамасынан кейін Армения, Беларусь, Ресей және Корея делегациялары қатысқан белсенді пікір алмасу өтті.
Отырыс нәтижесінде, келесі жылға төрағалық етуші болып ҚР КМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұлғасында Қазақстан тағайындалды, тиісті шешімдерге қол қойылып, 2015-2016 жылдарға арналған СҚБҰК-ның Жұмыс жоспары бекітілді.
Анықтамалық: салық саясаты және салықтық әкімшілендіру үшін ұлттық заңнамаға сәйкес жауап беретін ТМД салық қызметтерінің арасындағы ынтымақтастық, салық саясатын және салықтық әкімшілендіруді реттейтін ұлттық заңнамаларды жетілдіру және үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу ТМД СҚБҰК қызметінің негізгі бағыттары болып келеді.