Date of publication: 06.10.2015 14:57
Date of changing: 06.10.2015 15:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

05.10.2015ж.

Баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы а.ж. қазан айында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде «ХҚЕСҚС-ға сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуді бастады. Осы іс-шараны өткізу Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  №131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің және қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізудің 2015 жылға арналған жоспарымен қарастырылған.

Курстарды өткізудің маңыздылығы бухгалтерлік есепті жүргізудің әлемдік стандарттарын зерделеудің қажеттілігімен, олардың практикалық қызметіне енуімен, сондай-ақ өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандарының тәжірибе алмасуымен ерекшеленеді.

Оқу процесінде тыңдаушылар есеп саясатын реттейтін нормативтік – құқық актілерімен танысады. Курстарда қаржылық есептілікті дайындаудың, активтерді есепке алудың, ақша қаражатын есепке алудың, квазимемлекеттік сектордың субъектілеріндегі қаржы инвестицияларын есепке алу мәселелерін жарықтандырудың, дебиторлық берешектерды есепке алудың, қорларды есепке алудың, негізгі құралдарды есепке алудың, инвестициялық мүлікті есепке алудың, материалды емес активтерді есепке алудың, міндеттемелерді есепке алудың, несие берешегін есепке алуды, баға және кепілдік міндеттемелерді есепке алудың, өзге де міндеттемелерді есепке алудың, табыстар мен шығыстарды есепке алудың, таза активтерді/капиталды есепке алудың, біріктірілген қаражат есептілігінің тұжырымдамалық негіздері және т.б. ұсынылады.

Әрбір тақырыпты зерделеуден  кейін курс тыңдаушылары автоматты режимде  тест тапсырады. Тыңдаушылардан сауалнама  алу жоспарлануда. Біліктілін арттыру курстарын өткеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі