ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы АҚШ Елшілігімен және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламаларының Кеңсесімен бірлесіп Шымкент қаласында 2015 жылғы 5 - 7 қазан аралығы кезеңінде «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының контрабандасына қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтуде.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ұғымы және белгілері, саяси және құқықтық ой дамуының қазіргі заманғы кезеңдегі құбылыстың алдын алу процесін жарықтандыру, оның таралуына және контрабандаға қарсы күрес тәжірибесімен алмасуына қарсы іс-қимылды қамтамасыз ететін шараларға қатысты ұсынымдар әзірлеу, сондай - ақ есірткі құралдары мен басқа да тыйым салынған заттардың халықаралық контрабанда арналарын анықтау тәсілдерін айқындау семинардың мақсаты болып табылады.
Семинарға қатысуға АҚШ (ДЕА) Есірткіге қарсы күрес басқармасы Академиясының сарапшы-химигі Джер Падорски, ОАӨАҮО аналитигі Азамат Сабырбеков, Қазақстан Республикасы ІІД Қарағанды академиясының қылмысты алдын ала тергеу кафедрасының доценті, полиция полковнигі Кондратьев Игорь Владимирович, сондай-ақ сарапшы-психолог Лола Шакимова мен Акмарал Абдукеева сарапшылар ретінде шақырылды.
Семинар – тренингке ҚР құқық қорғау органдарының, Кинология орталығының өкілдері, Алматы қ., Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің профильді бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі