ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
16.10.2015ж.
Баспасөз релизі
«Космо» атты шартты атауымен құқық қорғау органдарының жаһанды операциясын ұйымдастыру мәселелері жөнінде
2015 жылғы 6-8 қазан кезеңінде Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде «Космо» операциясы бойынша конференция өтті, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.
Конференцияның жұмысына жақын және алыс шетел кеден әкімшілігінен, әлемнің 70 елінен 125-тен аса қатысушылар, сонымен қатар кейбір халықаралық ұйымдар, оның ішінде Интерпол, Таяу Шығыс, Африка елдері бойынша құқық қорғау жұмысы бойынша Өңірлік байланыс торабы қатысты.
Конференция барысында «Космо» жаһанды операцияның шеңберінде ұйымдастыру және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Космо» операциясы Дүниежүзілік кеден ұйымының құқық қорғау қызметі бойынша жобасының теңдессіз бөлігі болып табылады және кедендік шекаралар арқылы «стратегиялық маңызды тауарлардың» заңсыз өткізілуін болдырмауға бағытталған.
Нәтиже ретінде әлемдегі кеден органдары үшін басымды мәселелері болып табылатын стратегиялық маңызды тауарлар контрабандасының фактісін анықтау және алдын алу бойынша кедендік әкімшілендірудің қауіпсіздігі мен өзара іс-қимылы конференцияның негізгі мәселелері болды.
«Кеден» өз шекарасының, мемлекет пен тұрғындардың қауіпсіздігі бойынша әртүрлі көп және елеулі халықаралық нәтижелерге қол жеткізуде. «Космо» операциясы сауданы бақылау бойынша әлемдік кедендік әкімшілер арасында ақпараттандырушылықты арттыруда, ұлттық деңгейде үйлестіруді дамытуда, және жеткізілімнің жаһанды тізбектерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған халықаралық шекаралық кедендік диалогты ілгерілетуде.
Конференцияны өткізу барысында Дүниежүзілік кеден ұйымының Хатшылығы контрабандаға қарсы іс-қимыл бойынша кедендік әкімшілердің жаңа әдістері мен әлемдік үздік практикаларына шолу жасады.
Мәселен, Жаңа Зеландия, Чехия, Италия, Уругвай, Кения, Мажарстан, Голландия, Испания және Америка Құрама Штаттарының кеден қызметтері стратегиялық маңызды тауарлардың контрабандасына қарсы күрестің практикалық тәжірибесін танытырды.
Жалпы, өткен Конференция Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдеріне үздік тәжірибелермен, Қазақстан Республикасында әрі қарай енгізу үшін әлемдік түйінді кедендік әкімшілермен танысуға, сондай-ақ жаһанды кедендік қоғамдастық үшін заманауи шақырулар мен қатерлері бар кеден органдарының құқық қорғау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Дүниежүзілік кеден ұйымы Конференциясының нәтижесі бойынша стратегиялық маңызды тауарларды анықтау және жолын кесу бойынша «Космо» жаһанды операциясын әлемдегі 70 елінің қатысуымен өткізу туралы шешім қабылданды, оған 70 елдің қатарындағы Қазақстан Республикасы да қатысатын болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі