Date of publication: 09.11.2015 12:49
Date of changing: 09.11.2015 12:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

09.11.2015 ж.

Баспасөз релизі

Дүниежүзілік кеден ұйымының қолдауымен Алматы қаласында 2015 жылғы 9-12 қараша аралығында «ЕАЭО СЭҚ ТН-ның тауарларды жіктеудің өзекті мәселелері. Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында халықаралық семинар өткізуде.

Семинар тақырыбы жаңа технологиялардың тауарларын жіктеу кезінде қарастырылатын мәселелердің өзектілігімен айқындалды.

Жоғарыда аталған семинардың дәріскерлері ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының (бұдан әрі - ДКедҰ) аккредиттелген сарапшылары Федотова Галина Юрьевна мен Щеглов Алексей Владимирович болмақ.

Сондай-ақ, семинар жұмысына Мемлекеттік кірістер комитетінің және оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысуда.

Семинардың мақсаты Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіндегі өзгерістерді қарау, тауарларды жіктеу кезінде берілетін алдын ала шешімдердің тәртібі мен аталған Тәртіптің ДКедҰ-ның стандарттарына сәйкестігі, СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу кезінде пайда болатын мәселелерді шешудің бірыңғай жолдарын әзірлеу болып табылады.

Семинар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының білім деңгейін арттыруға және кедендік декларациялау процесінде тауарларды жіктеу кезінде туындайтын күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі