Date of publication: 31.10.2018 17:34
Date of changing: 31.10.2018 17:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктінде жүк автокөлік құралдарының кептелісіне қатысты

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктінде жүк автокөлік құралдарының кептелісіне қатысты келесіні хабарлайды.

2018 жылдың 22 қазанынан бастап мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын жүктердің, тауарлардың мониторингін жүзеге асыруда. Аталған мониторинг тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеу арқылы  3 (үш) минуттан аспайтын уақыт ішінде жүргізіледі.

Одан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын жүктерді, тауарларды тексеру/қарау жүргізілмейтінін атап өтеміз. Бұл бақылау түрі аталған тұлғалардың қызметтік міндеттеріне кірмейді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)