
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Астана қаласында Өткізу пункттері арасында және кеден ісі саласында кедендік ынтымақтастық бойынша
кіші комитетінің 10-отырысы өтті
Астана қаласында 2018 жылғы 28 – 30 қарашада Ынтымақтасу жөніндегі қазақстан-қытай комитеті Өткізу пункттері арасында және кеден ісі саласында кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің (бұдан әрі – Кіші комитеті) 10-шы отырысы өтті. Кіші комитеттің қазақстан тарапын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы - М. Сұлтанғазиев, қытай тарапын – Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы министрінің орынбасары - Цзоу Чжиу басқарды.
Кіші комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Қытай тату көрші болып табылатындығын және стратегиялық серіктестікті дамыту бойынша бірлесе күш салып, барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып жатқанын атап өтті.
Отырыс барысында тараптар Кіші комитеттің алдыңғы отырысын өткізген сәттен бастап (Пекин қаласы, 2016 жылғы 14-15 қараша) атқарылған жұмыстың нәтижесіне жоғары баға берген болатын, сондай-ақ ағымдағы жағдайдың және кедендік әкімшілдендіру, құқық қорғау қызметі, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуды дамытудың өзекті мәселелері талқыланған болатын.
Тараптар елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға, транзиттік тасымалдарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға маңызды назар аударды.
Атап айтқанда, қазақстан-қытай шекарасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін «Нұр жолы» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) жаңа өткізу пункті ашылды. Екіжақты сауданы бұдан әрі дамыту мақсатында Тараптар жаңа өткізу пункті жұмысының тиімділігін арттыру, кедендік рәсімдеу және бақылау процестерін оңтайландыру, автокөлік құралдарының өткізу қабілетінің санын арттыру үшін қажетті шараларды қабылдауға келісті.
Сондай-ақ, «Евротранзит» (ҚР) көліктік-логистикалық орталығы іске қосылып, бұл алдағы уақытта «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, елдер арасында тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ХЖТ кiтапшасын тәжірибе жүзінде қолдану мәселелері қарастырылған болатын.
Отырыста мәселен «Сенім», «Жасыл дәліз», УЭО өзара мойындау, «Қорғас» ШЫХО жұмыс жасауы секілді жобаларды, сондай-ақ қауіпсіз және жылдам теміржол тасымалдарын қамтамасыз ету үшін кеден және теміржол операторлары арасында серіктестік бойынша жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша екі жақ тарапының ниеті білдірілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар Өткізу пункттері арасында және кеден ісі саласында кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 10-отырысының хаттамасына қол қойды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)