Date of publication: 28.11.2015 12:34
Date of changing: 30.11.2015 12:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына сәйкес жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру біздің мемлекеттілікті дамытудың басымды бағыттарының бірі ретінде белгіленген.

Патриотизм сезімін қалыптастыруда тарихтың зор әсер ететінін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2015 жылғы 28 қарашада ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ұжым болып Астана қаласынан 37 км қашықтықта Қорғалжын трассасында Ақмол селосында (Малиновка) орналасқан «Алжир» мемориалдық-мұражай кешеніне барды. Кешен бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деген жерінде орналасқан.

Мемориалдық кешенде мұражай ғимараты, композиция,  Қайғы аркасы» монументі, еске алу қабырғасы бар. Мұражайда Комитет қызметкерлері Қазақстанның 19-20 ғасырлардағы саяси тарихымен, тоталитарлық жүйенің геноцид жәдігерлерімен танысты. Сондай-ақ «Алжир» тарихы туралы деректі фильм көрсетті.

Мемориалдық-мұражай кешенін 100-ге жуық адам балаларымен барды.

Аталған іс-шара Комитеттің жас мамандарын патриоттық тәрбиелеу шеңберінде ұйымдастырылды. «Алжир» мемориалдық кешені Комитет қызметкерлеріне терең әсер қалдырды, себебі өткен тарих және оның ерлік шежіресі ұлттың болашағымен тікелей байланысты. Жарқын болашақты құру үшін біз өткен тарихымызды ұмытпауға тиіспіз.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі