Date of publication: 30.11.2015 19:00
Date of changing: 30.11.2015 20:03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Баспасөз релизі

2015 жылғы 23 - 27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығының базасында кинолог-мамандарының арасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық жарысы өткізілді.   

Жарыстың мақсаты кәсіптік шеберліктерін арттыру, кинологиялық бөлімдердің (бөлімшелердің) лауазымды тұлғалары арасындағы үздік кинологтарды анықтау және жұмыс тәжірибелерімен алмасу, қызметтік міндетті атқару кезінде жеке басының жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыру, кедендік шекара арқылы өткізілетін қару мен жарылғыш заттар, есірткі құралдары мен психотропты заттардың контрабандалық фактілерін анықтау және жолын кесу кезінде кинолог-мамандарын қызметтік иттерді тиімді қолдануы мен әрекеттерін одан әрі дамыту, сонымен қатар 2016 жылы жоспарланған халықаралық ТМД жарыстарына қатысатын ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметінің командасына үміткерлерді іріктеу болып табылады.

 ХIII Республикалық жарыстар Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.

Бұдан бұрын аумақтық құрырылымдарда өткізілген іріктеу турының қорытындысы бойынша, жарысқа  қызметтік-іздестіру иттерімен еліміздің жоғары білікті кинолог-мамандары қатысты. Жарыс 5 кезеңнен тұрды және шынайы жағдайда уақытша сақтау қоймасында т.б. өтті. Жарысқа тәуелсіз қадағалаушылар ретінде АҚШ-тан сарапшылар шақыртылды.

Жарыс соңында салтанатты жабылуы мен көрініс қойылымдары ұйымдастырылып, ХІІІ Республикалық жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы