Date of publication: 03.12.2015 17:05
Date of changing: 03.12.2015 17:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Қазақстанда көлденең мониторингтеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылуда

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде көлденең мониторингтеуді енгізу мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Көлденең мониторингтеу, осы жаңа енгізілім тұжырымдамасын әзірлеген Нидерландының Салық қызметі 2004 жылы Нидерландыда бірінші рет қолданған болатын.

Көлденең мониторингтеу тұжырымдамасы «Қағидалар санын азайтуға, құқықтық нормаларды үздік орындауға және қоғам тарапынан үлкен жауапкершілікке» қол жеткізуді көздейді. Бұл әдіс салық органына ақпаратты ерікті ашып көрсетуге, салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы ақпараттық алмасуға келісуге, салық төлеушілермен ақпараттық өзара іс-қимылды кеңейтуге, экономикалық тәуекелдерді ескертуге, кейінгі салықтық бақылау ауыртпашылығын азайтуға сенім білдірумен негізделген. Мемлекет үшін көлденең мониторингтеудің басты артықшылығы, бизнестің салықтардан кетудің түрлі схемаларын қолданудың тәуекелдерін едәуір азайту болып табылады. Қосымша тиімділігі – тексерулерді және онымен байланысты шығыстарды қысқарту.

2015 жылы «Shell International BV» және Эрнст энд Янг компаниялары Ресей мен Нидерландыда көлденең мониторингтеуді енгізудің халықаралық тәжірибе мәселелеріне арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері үшін бірнеше тренинг өткізген.  

Көлденең мониторингтеуді енгізу бойынша халықаралық тәжірибеге шолу бизнесті жүргізу ерекшелігін және мәдениеттің ерекшелігін ескере отырып, көлденең мониторингтеуді енгізу әдістерін таңдауға елдердің әртүрлі тәсілдерін көрсетті.  

Бастапқы кезеңде, Дүниежүзілік банктің ұсынымдарын ескере отырып,  «салықтық» мониторингтің бар тәртіптерін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілген, олар қазіргі уақытта Парламенттің қарауында. 

Бұдан басқа, көлденең мониторингтеудің пилоттық жобасы құрылды, оның шеңберінде екі компаниямен меморандум жасалды.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстың нәтижелері, бизнесті жүргізудің жергілікті ерекшелігін және мәдениеттің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан үшін аса тиімді көлденең мониторингтеуді енгізудің әдісін анықтауға мүмкіндік береді.

Брифинг барысында ҚР ҚМ МКК өкілдері осы мәселелерді әрі қарай шешуге өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың кейбір қорытындыларымен таныстырды.