ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 08-11 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Борышкердің мүлкін қайтару және мәмілелерді жарамсыз деп танудың құқықтық реттелуі» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.
Семинардың мақсаты құқықтық реттеу дағдыларының зерттеу жүйесіне кешенді қөзқарас болып табылады:
- жасалған мәміле бағасы және (немесе) борышкер тарапынан елеулі тиімді емес өзге де жағдайлар, егер мәміле салдары қаржылық шығындарға әкелсе, салыстырмалы мән-жайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалған кездегі бағадан және (немесе) өзге де жағдайлардан ерекшеленеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, құрылтайшы құжаттарымен шектелген, не жарғымен айқындалған құзыретін бұза отырып жасалған мәміле борышкеркердің қызметіне сәйкес келмейді;
- егер мұндай мәміле оңалту немесе банкроттық туралы істі қозғағанға дейін бір жыл ішінде жасалған мәмілелерден елеулі ерекшеленсе, әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінде жасалған шарттарды қоспағанда, борышкердің мүлкін сыйға тарту шарты;
- мәмілелерді жарамсыз және т.б. деп тану бойынша талап арызды қалыптастыру тәртібі.
Курс дәріскер мен қатысушылардың қарқынды өзара іс-қимыл режимінде өтеді. Оқу процесінде case-study,, жағдайды талдау, тәжірибемен алмасу және өзара консультациялар және басқа да интерактивті оқыту әдістері пайдаланылатын болады.
Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі