Date of publication: 11.12.2015 20:08
Date of changing: 11.12.2015 20:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 10 желтоқсанда Ессентуки қаласында (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық үкіметтерінің кеден қызметтері басшыларының 62-ші отырысы және Кеден достастық мүше-мемлекеттерінің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 17-ші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы шаралардың тұрақты мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Кәрімұлы Әмрин мен қазақстандық делегация аса бақылаудағы экологиялық-курорттық аймағында Кавказ Минералды сулар Ессентуки қаласында отырысының өткізілу рәмізін атап өтті.

ТМД КҚБК мен КО ККБО негізгі қызметінің бағыты ТМД мүше-мемлекеттері мен КО мүше-мемлекеттерінің кеден ісі аясындағы негізгі маңызды бағыттарды белгелеу мен кеден және  ұлттық мүделі қызметтердің және ТМД мүше-мемлекеттер мен КО мүше-мемлекеттердің ведомствалары кеден саясатының негізгі аспектілері бойынша практикалық іс-қимылды үйлестіруі болды.

Отырыстың күн тәртібі Тәуелсіз Мемлетекеттер Достастығының щеңберінде кеден ынтымақтастығының өзекті мәселелері қосылды, тауарлардың кеден құнын бақылауындағы іс-қимыл мәселелері,  тауарларды таңбалауы, кеден операцияларды өткізу тәртібін жетілдіру  және кеден органдарының іс-қимыл принциптерін ұйымдастыру туралы. 1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге және 1994 жылғы 23 қарашадағы кеден қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтамақтастастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша шешімдер қабылданған. ТМД мүше-мемлекеттерінің негізгі кедендік заңнамаларына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша мәселе қазақстан тарапынан көтерілген болған.

Сонымен бірге Кеден одағындағы кеден қызметтінің іс-қимылының кең жиын мәселері талқыланды, кеден қызметінің ақпараттық іс-қимылын іске асыру, қағаз ңұсқасында кеден дикларациясын жөнелтуді жою бойынша тәжірибенің қорытындысы, ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдарында кедендік құнды әкімшілендіру мен ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдарында  тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту.

Кеден органдарының жіберу және ЕАЭО кеден шекарасы арқылы тауар алмасу орындарында орнатылған кеден органдары мен кеден ісі саласындағы қылмыстың алдын алу, анықтау, жолын кесу мүмкіндігін жасайтын жедел ақпараттандыру, ЕАЭО кеден шекарасы арқылы контрабандалық тауаларды өткізу жолдарын жою және анықтау бойынша КҚБК шешімдері қабылданды.

Өткізілген келіссөздер нәтежесінде тиісті шешімдерге қол қойылды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі