ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 14 - 15 желтоқсан аралығында Астана қаласында «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуде.
Семинардың мақсаты КДБ АТЖ (көліктік деректер базасы ақпараттық-талдау жүйесі) базасын толтыру ережелері мен тәртібін лауазымды тұлғаларға үйрету, сондай-ақ сыртқы шекаралардағы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылауды толық және сапалы жүзеге асыру үшін белгілі бір практикалық білім мен дағдыларды алу болып табылады.
Семинар бағдарламасы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне негізделген.
Біліктілігін арттыру курстарында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:
- Халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасындағы автомобиль тасымалдаудың рұқсат жүйесі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- АКҚ салмақты және габаритті параметрлердің, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының өтуі үшін алымдарды өндіріп алу есебі әдістемесінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- Тасымалдаушылардың ҚР ИДМ 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
- Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарына бақылауды жүзеге асыру, қайта жабдықталған автокөлік құралдарын анықтау әдістемесі .
Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі