ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
2015 жылғы 18 желтоқсанда сағат 18-00-де ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Назарбаев университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою шарасы өтеді.
Меморандумның мақсаты: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Назарбаев университеті арасындағы ғылыми-негізделген әдістерді қолдану, мемлекеттік кірістер органдары қызметін жетілдіру саласында жаңа білім алу және ғылыми тәсілдерді қолдану, ең бастысы іргелі мәселелер және қолданбалы міндеттердің кең спектрін шешу мақсатындағы ынтымақтастық.
БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар:
+7 (7172) 70-99-48, 70-99-22, 8-701-358-31-97, 8-777-533-72-47 және keden_kz@mail.ru; rsharipova@mail.ru электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі. БАҚ-ты тіркеу сағат 17-50-ге дейін.
Брифингтің өткізілу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі